Aimurzieva.jpg
17/Ақп/2020

“АЖ” Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВАҒА бірнеше сауалдар жолдады.

– Атырау облысының көптеген тұрғыны өз сырқатының диагнозын білуге және емделуге Ақтөбе, Алматы, Астанаға немесе көрші  Астрахан қаласына барып жатады. Әрине, бұл әркімнің өз қалауында ғой. Алайда, бұл атыраулық дәрігерлерге деген сенімсіздікті білдірмей ме?

 – Иә, сіз дұрыс айтасыз, әркімнің өз қалауында. Алайда, тұрғындардың басым бөлігінің сол қалаларға барып емделеді дегеніңізбен өз басым келіспеймін.

 – Дегенмен, бізде қойылған диагноздардың басқа қалаларда теріске шығып, мүлдем басқа диагноз қойылатын жағдайлары аз емес. Қай сырқаттың да дұрыс қойылған диагнозге байланысты болатыны белгілі ғой.

 – Атырауда дәрігерлер нашар, ал басқа жерде керемет мамандар екен деп айту орынсыз. Дәрігерлік қателіктер, оның ішінде дигноз қоюдан қателесуден ешкім де жүз пайыз сақтандырылмаған. Қателіктер жіберу дүние жүзінің емдеу- сауықтыру орындарында да кездеседі. Айталық, беделді деген «British Medical journal» мәлімдемесі бойынша жыл сайын дәрігерлердің қателігінен 256 мың адам қайтыс болады екен. Мен мұны ақталу үшін айтып отырғаным жоқ, бізде мұндай жағдайлар мұқият тексеріліп, кінәлілер жазасын алады. Мүлдем қателіксіз медицина болмайды.

– Мынадай жағдай орын алды. Менің танысымның кенеттен қызуы көтеріліп, оған облыстық ауруханаға тек портал арқылы жатып, ем ала алатындығы жөнінде айтылды. Бірақ, портал арқылы тіркелуге ең аз дегенде 15 күн уақыт кетеді. Жалпы, порталдың қажеттілігі қаншалықты маңызды?

– Бұл жерде қандай да бір түсініспеушілік болған болар, өйткені, қызуы жоғары науқас шұғыл көмек көрсетілуі тиіс науқастар санатына жатады. Ал, портал адамдарға жоспарлы ем алу үшін жасалған.

 – Адамдар жедел жәрдемнің науқасты үйінен алып кетіп, облыстық ауруханаға алып барғанында олардың  қабылдамағанын айтады, соның салдарынан дау туындаған. Осындай келеңсіздіктерді жоюға бола ма?

– Өткен жылдың өзінде облыстық аурухананың қабылдау бөліміне 27500 науқас келіп қаралып, оның 14945-і қабылданған. Яғни, қабылдау бөліміне қаралған адамдардың 48,5 пайызында ауруханаға жататындай аса қауіпті жағдай байқалмаған. Сондықтан, «қатерлі жағдайда дәрігерлердің шу шығарып, қабылдамайды» деген пікіріңіз негізсіз деп ойлаймын.

– Біздің өңірде дәрігерлердің  жетіспейтіндігі бұрынғыша өзекті күйінде қалып отыр ма?

– Бүгінгі күні медицина мекемелеріне 144 маман жетіспейді. Бос орындарға толықтай болмағанмен ішінара мамандар қабылданып жатады. Айталық, соңғы уақыттарда аудандарда 23 дәрігер жұмысқа кірісті. Біздің облысымызға келген жас мамандардың саны өткен жылмен салыстырғанда біраз артты. Олардың арасында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін акушер- гинеколог мамандығы бойынша, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетін бала хирургы бойынша тәмамдағандар, сонымен қатар, терапевт, инфекционист, педиатр, онколог, фармацевт, хирург, анестизиолог- реаниматолог, кардиолог т.б. бар.

 – Атырау облысы денсаулық сақтау саласына биылғы жылы қанша қаражат  бөлінді?

 – 32 млрд 42 млн теңге. Өткен жылы 27 млрд 806 млн. Бұл айтарлықтай үлкен қаржы, бастысы – мақсатты жұмсау, бізде бар күшімізді осы бағытта жұмсайтын боламыз.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА


17/Ақп/2020

Қазақстанда медициналық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына қол қойылып, заңды күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомствоға сілтеме жасап. Жедел медициналық қызметтер (ЖМҚ) туралы жаңа медициналық бұйрық Қазақстан Республикасының халқына жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетудің сараланған тәсілін ұсынады.

Жедел шақыртулар белгілеріне (синдромдарына) қарай санаттар бойынша оңтайландырылды және топтастырылды. Атап айтқанда:

– 1-ші категория: пациенттің өміріне тікелей қауіп төндіретін, шұғыл медициналық көмек талап етілетін жағдайда. Бригаданың келетін уақыты 10 минутқа дейін;

–  2-ші категория: пациенттің өміріне ықтимал қатер төндіретін,  медициналық көмексіз жағдай. Бригаданың келетін уақыты 15 минутқа дейін;

– 3-ші категория: пациенттің денсаулығына ықтимал қатер төндіретін,  медициналық көмексіз жағдай. Бригаданың келетін уақыты 30 минутқа дейін;

– 4-ші категория: пациенттің жағдайы жіті ауруларының немесе созылмалы ауруларының асқынуымен, кенеттен және айқын көрінген ағзалар мен жүйелердің бұзылуымен көрінетін, науқастың денсаулығына және өміріне тікелей қауіп жоқ жағдайда.

Бригаданың келетін уақыты 60 минутқа дейін. Мынаны назарға алу керек, бірінші 3 категория  жедел медициналық көмек станциясы деңгейінде көрсетілетін болады, ал 4-інші категория емханалардағы жедел медициналық көмек бөлімшелері деңгейінде көрсетіледі, яғни емхана деңгейінде жедел медициналық көмек көрсететін бөлімшелер тәулігіне 24 сағат бойы шақыртуларды қабылдайтын болады. Бұл жаңашылдық шұғыл көмек көрсетудің 3 кезеңі арқылы госпитальға дейінгі өлім-жітімді төмендетуге бағытталған: – зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету бригадасының келуіне дейін, жедел медициналық көмек, – жедел жәрдемді фельдшерлік/дәрігерлік бригадалармен көрсету, – стационарлардың ауруларды қабылдау бөлмесі деңгейінде медициналық көмек көрсету. Жаңа бұйрыққа сәйкес, алғашқы көмек бригадасының келуіне дейін жедел медициналық көмек медициналық білімі жоқ адамдармен көрсетілуі мүмкін: полиция қызметкерлері, патрульдік қызмет, білім беру, көлік, өнеркәсіп кәсіпорындарының, әлеуметтік сала және т. б. Сондай-ақ осы бұйрықтың жаңа форматында стационарлардың ауруларды қабылдау бөлімінде пациенттердің триаж-сұрыптауын күшейту және оларды кез келген патологиямен қабылдау ұсынылады. Қабылдау бөлімі деңгейінде уақтылы шұғыл медициналық көмек көрсету, қажет болған жағдайда, пациенттердің жай-күйін тұрақтандыруға дейін алғашқы реанимациялық және өзге де іс-шараларды көрсету үшін жаңа мамандық – қабылдау бөлімінің дәрігері («emergency doctor») енгізіледі. Осылайша, ресурстарды ұтымды бөлу есебінен жаңа реформаның нәтижесінде: – пациент уақытылы және сапалы медициналық көмек алады;  – медициналық ұйым – кадрлық ресурстарды және емдеу-диагностикалық жабдықтардың неғұрлым тиімді және ұтымды пайдаланылуын, сондай-ақ уақытылы және сапалы медициналық қызметтерді көрсетуге қанағаттану деңгейін арттыруды;  – мемлекет – госпитальға дейінгі өлім-жітім деңгейін төмендетуді және күтілетін өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуды алады.

Дереккөз: inform.kz


os_0-1200x900.jpg
17/Ақп/2020

Емхана қызметкерлері АНПЗ, өрт сөңдіру орталығында «Міндетті әлеуметтік медициналық   сақтандыру» деген не тақырыбында дәріс жүргізді.

 

Жұмыспен қамту орталығы қызметкерлері арасында жүргізілген «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» туралы түсінік жұмыстарынан үзінді.

 

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру». Салық басқармасы.

 

Емхана дәліздерінде дәрігерлер қабылдауына келген науқастар арасында, емхана қызметкерлері «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» туралы жалпы түсінік беріп, сауалнама жүргізуде».


ku_1
ku_2
ku_0
17/Ақп/2020

Психолог Избаева Зәуре Қарттар үйінде «Қарттық  кезеңде салауатты қимыл қозғалыс» тақырыбында дәріс жүргізді. Дәріс барысында қарттар арасында сұрақтар қойылып, тақырып кеңінен талқыланды.

Қарттар мектебіне жауапты мамандар «Қарттар үйінде» « Қорқынышты қалай жеңуге болады?»

Тақырыбында дәріс өткізді. Сұрақтар қойылып, үндеухаттар таратылды.


FullSizeRender-18-04-17-11-00-2-1200x900.jpeg
17/Ақп/2020

Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы орталығына «Міңдетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жөніңде тусініктеме жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар керекті сұрақтарына жауаптарын алды.


17/Ақп/2020

2017 жылы 1 сәуірден 31 маусымға дейін республиканың барлық аймақтарында «Емханаға тіркелде әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» ұранымен тұрғындарды емханаға тіркеудің науқаны өткізілуде.


17/Ақп/2020

№ 2 емханада Дүниежүзілік денсаулық күніне байланысты 7.04.2017 күні «Ашық есік» күні өтті. Бұл күні білімді маман дәрігерлер, күндізгі емдеу бөлімі, дені сау бала бөлмесі, дәрігерге дейінгі бөлме қызметкерлері, жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен психолог, әлеуметтік қызметкерлер жұмыс жасады. Қосымша фото сюжеттер жалғанды. Барлық қаралған адамдар саны- 285 оның ішінде: Қуыс-ағзаларын зерттеу кабинеті – 4 адам қаралды. Зәр шығару жүйесін зерттеу кабинеті- 5 адам қаралды. Тері ауруларын емдеу кабинеті- 11 адам қаралды. Оташы кабинеті – 33 адам қаралды. Кардиолог кабинеті-13 адам қаралды. Жүйке аурулар кабинеті – 22 адам қаралды. Көз кабинеті – 27 адам қаралды. Құлақ,мұрын,тамақ кабинеті – 16 адам қаралды. УДЗ кабинеті – 11 адам қаралды. КЗР кабинеті – 7 адам қаралды. ЭКГ кабинеті- 11 адам қаралды. Дәрігерге дейінгі бөлмелер – 14 адам қаралды. Күндізгі емдеу бөлім кабинеті -18 адам ем қабылдады. Жалпы тәжірибелік дәрігер-93.


IMG_5619-11-04-17-09-38-1200x675.jpeg
17/Ақп/2020

Такырыбы: Міңдетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Өткізген лектор: Избаева З.А., Тасқалиева М.Ш., Рамазан А.А. Катысушылар саны: 15 адам Қойылған сұрақтар саны: 18 2 қалалық емханаға қаралуға келген науқастарға Міңдетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы лекция тусініктеме жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар керекті сұрақтарына жауаптарын алды.


IMG_5620-11-04-17-09-38-1200x675.jpeg
17/Ақп/2020

2017 жылдың 5 сәуір күні №2 қалалық емханасында «Артериялық гипертония және ЖИА »мектебінің ұйымдастыруымен «Артериялық гипертонияның пайда болуы, даму тетіктері, ықтимал асқынулары» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақта Артериялық гипертонияның даму себептері, қауіп факторлары, мүмкін болатын асқынулары жөнінде презентация оқылды. Науқастар өздеріндегі бар қауіп факторларын анықтап, олармен күресу жолында алдарына мақсаттарын белгілеп алды. Артериялық қысымды өлшеу әдістемесі бойынша шеберлік сағатымен жалғасты. Сабақ соңында науқастарға бақылау күнделігі таратылып, үйге тапсырма берілді. Күн сайын таңертең және кешке артериялық қысымды науқас өздері өлшеп, бақылау күнделігіне толтыру керек.


17/Ақп/2020

Азамат тек қана бір емханаға немесе дәрігерлік амбулаторияға тіркеле алады.

Амбулаторияға тіркеу бір елді мекен шеңберінде медициналық ұйымда еркін таңдау құқығын есепке ала отырып, тұрақты немесе уақытша тұру, жұмыс істеу, оқу орны бойынша жүзеге асырылады . Емханаға тіркелу үшін жеке куәліктің көшірмесі және емхана бас дәрігерінің атына жазылған арызын алып келу қажет, сонымен бірге 18-ге толмаған баланы тіркеу үшін ата-анасының жеке куәлігі, арызы және баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі қажет.

Емханаға тіркелу туралы қосымша ақпаратты төмендегі  телефондар арқылы білуге болады: қ.Атырау, д.Азаттық  32,  32-09-80, 32-62-67, 32-42-42, 32-42-01


Яндекс.Метрика