«Артериялық гипертонияның пайда болуы, даму тетіктері, ықтимал асқынулары» тақырыбында сабақ өткізілді

13.04.2017 by admin_emh
IMG_5620-11-04-17-09-38-1200x675.jpeg

2017 жылдың 5 сәуір күні №2 қалалық емханасында «Артериялық гипертония және ЖИА »мектебінің ұйымдастыруымен «Артериялық гипертонияның пайда болуы, даму тетіктері, ықтимал асқынулары» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақта Артериялық гипертонияның даму себептері, қауіп факторлары, мүмкін болатын асқынулары жөнінде презентация оқылды. Науқастар өздеріндегі бар қауіп факторларын анықтап, олармен күресу жолында алдарына мақсаттарын белгілеп алды. Артериялық қысымды өлшеу әдістемесі бойынша шеберлік сағатымен жалғасты. Сабақ соңында науқастарға бақылау күнделігі таратылып, үйге тапсырма берілді. Күн сайын таңертең және кешке артериялық қысымды науқас өздері өлшеп, бақылау күнделігіне толтыру керек.

Яндекс.Метрика